Бағдарламаның мақсаты: Оқушыларға эмоционалдық интеллектті дамыту және буллингтің алдын алу бойынша заманауи әдістемелер ұсыну.
Негізгі міндеттер:
  • Оқушыларға эмоцияларды дұрыс танып, оларды басқаруды үйрету;
  • Буллинг жағдайында дұрыс әрекет ету дағдыларын қалыптастыру;
  • Ата-аналар мен педагогтарға қолдау көрсету.
Жанар ханым
Заманауи шеберлік мектебі
Буллинг туралы жалпы ақпарат
Буллинг дегеніміз не?
Буллинг — бұл адамның немесе адамдар тобының жүйелі түрде басқа адамға немесе адамдар тобына қатысты қасақана, қатігездікпен және агрессивті түрде әрекет етуі. Буллингтің басты белгілері мыналар: күш көрсету немесе психологиялық қысым көрсету, теңсіздік жағдайы (буллингке ұшыраған адам өзін әлсіз немесе қорғансыз сезінеді), және бұл әрекеттердің жүйелі түрде қайталануы.
Буллингтің түрлері
Физикалық буллинг
Бұл түрінде қорлау және зорлық-зомбылық физикалық күш қолдану арқылы жүзеге асады. Мысалы: ұрып-соғу, итеру, заттарды тартып алу, қасақана зақым келтіру.
Эмоционалдық немесе психологиялық буллинг
Мұнда зорлық-зомбылық психологиялық қысым көрсету арқылы жүзеге асады. Мысалы: қорлау, мазақ ету, кемсіту, қоғамдық оқшаулау немесе басқаларды сол адамнан алыстатуға мәжбүрлеу.
Кибербуллинг
Бұл интернет арқылы немесе әлеуметтік желілерде адамды кемсіту, қорқыту немесе масқаралау. Кибербуллингке қауіпті мәтіндік хабарламалар, фотосуреттер, бейнелер тарату кіреді.

Буллингтің салдары

Буллингке ұшыраған адамдардың психологиялық және физикалық денсаулығына айтарлықтай зиян келуі мүмкін. Бұл төмендегі салдарларға әкелуі мүмкін:
  • Төмен өзін-өзі бағалау

  • Қорқыныш пен уайымның артуы

  • Депрессия және әлеуметтік оқшаулану

  • Суицидтік ойлар және әрекеттер

  • Үйрену және мектепке қатысу мәселелері

Статистика және фактілер
  • Таралуы
    Зерттеулер көрсеткендей, мектеп жасындағы балалардың шамамен 30%-ы буллингке ұшырайды.
    01
  • Жиілігі
    Кибербуллингке тап болған жастар саны күн санап артып келеді, әсіресе әлеуметтік желілердің кең таралуымен
    02
  • Буллингтің әсері
    Буллингті жүйелі түрде көретін балалардың академиялық жетістіктері төмендеуі мүмкін, және олардың 50%-ы психологиялық қолдауды қажет етеді.
    03
Эмоционалдық интеллектті дамыту
  • Эмоционалдық интеллектті дамыту
    Эмоционалдық интеллектті дамыту үшін ең алдымен эмоцияларды тану және түсіну маңызды. Әр адам күнделікті түрлі эмоцияларды сезінеді: қуаныш, реніш, қорқыныш, ашу, таңқалу, т.б. Эмоцияларды дұрыс тану оларды бақылауда ұстауға және тиімді басқаруға көмектеседі. Адамның сезімдері оның іс-әрекеттеріне, қарым-қатынасына әсер ететіндіктен, эмоцияларды түсіну арқылы жеке тұлғаның ішкі әлемін тереңірек ұғынуға болады.
  • Эмоцияларды басқару
    Эмоцияларды басқару – эмоционалдық интеллекттің маңызды құрамдас бөлігі. Бұл адамның өз сезімдерін тиімді басқару қабілеті, әсіресе стресс немесе қиын жағдайларда өз-өзіне бақылау жасауға бағытталған. Эмоцияларды басқару адамның қарым-қатынасында және өз-өзіне сенімділік сезімін нығайтуда маңызды рөл атқарады. Мысалы, ашу-ыза жағдайында сабыр сақтау, алаңдау кезінде өзін тыныштандыру сияқты әдістерді үйрену эмоцияларды басқаруға көмектеседі.
  • Эмоциялар күнделігі
    Эмоциялар күнделігі – адамның күнделікті сезімдерін жазып отыратын тиімді құрал. Бұл әдіс эмоцияларды жақсы танып-білуге, оларды бақылауға және басқаруға көмектеседі. Әр күннің соңында өзіңіздің қандай эмоцияларды сезінгеніңізді жазып, сол сәттегі жағдайды және ол эмоциялар қалай пайда болғанын талдау маңызды. Күнделік арқылы сіз өзіңіздің ішкі әлеміңізді тереңірек зерттеп, сезімдеріңізді дұрыс басқаруға машықтанасыз.
БАҒАЛАУ ПАРАҚТАРЫ МЕН ТЕСТТЕР
Бағалау парағы 1: Оқушылардың эмоционалдық интеллект деңгейін бағалау
Мақсат: Оқушылардың эмоцияларды тану және басқару дағдыларын бағалау.
Нұсқаулық: Оқушыларға келесі сұрақтар бойынша өзін-өзі бағалау ұсынылады:
1.   Мен өз эмоцияларымды оңай түсіндіре аламын (1–5 шкала бойынша бағалау).
2.   Басқалардың эмоцияларын жиі түсінемін.
3.   Ашуды немесе күйзелісті бақылау маған қиын.
4.   Мен өз сезімдерімді білдіруден қорықпаймын.
Бағалау шкаласы: 1 – мүлдем келіспеймін, 5 – толық келісемін.
Бағалау парағы 2: Бағдарламаға қатысуға ата-аналардың қатысу деңгейі
Нұсқаулық: Ата-аналарға келесі сұрақтар бойынша сауалнама беріледі:
1.   Мен баламның эмоцияларын түсінемін (1–5 шкала бойынша).
2.   Бағдарлама барысында баламның эмоционалдық дамуы жақсарды деп ойлаймын.
3.   Бағдарламадан кейін бала менімен ашық сөйлесе бастады.
Бағалау шкаласы: 1 – мүлдем келіспеймін, 5 – толық келісемін.
САУАЛНАМА

ТЕСТТЕР

Тест 1: Эмоционалдық интеллектті бағалау тесті
Нұсқаулық: Төменде әртүрлі жағдайлар берілген, оқушылар осы жағдайларда қандай эмоция сезінетіндерін анықтап, тиісті жауапты таңдайды.
Қорытынды бағалау: Әр дұрыс жауап үшін 1 ұпай беріледі.
Тестті бастау
Досың сені түсінбеді. Сен не сезінесің?
келесі
тексеру
жауабын білу
Сабақта жақсы баға алған кезде қандай сезімде боласың?
келесі
тексеру
жауабын білу
Жаңа топта алғашқы рет сөйлегенде өзіңді қалай сезінесің? (бірнеше жауапты)
келесі
тексеру
жауабын білу
Біреу саған ашулы болса, сен қалай әрекет етесің?
келесі
тексеру
жауабын білу
Досың сені алдаса, не сезінесің?
келесі
тексеру
жауабын білу
0–2 ұпай:
Эмоционалдық интеллектіңді дамыту қажет. Сен өз сезімдеріңді толықтай түсінбеуің мүмкін және оларды бақылауда қиындықтар бар.
тағыда өту
3–4 ұпай:
Сен эмоцияларыңды түсіну мен басқару барысында қиындықтарға тап болуың мүмкін, бірақ кей жағдайларда өз сезімдеріңді басқаруға қабілеттісің.
тағыда өту
5–7 ұпай:
Эмоционалдық интеллектің жоғары деңгейде дамыған. Сен өз сезімдеріңді жақсы түсініп, басқара аласың.
тағыда өту
Эмоциялар жиынтығы
~
Арт-терапия негіздері
Арт-терапия – адамның ішкі эмоцияларын және психологиялық жағдайын шығармашылық іс-әрекет арқылы зерттеуге бағытталған терапиялық әдіс. Бұл терапияның басты мақсаты – адамның ішкі сезімдерін, уайымдарын және стресстерін шығармашылық жұмыстары арқылы ашып көрсету. Арт-терапия эмоционалдық күйзелісті азайтып, өзін-өзі тануға, психологиялық тепе-теңдікке жетуге көмектеседі.
Сурет салу жаттығулары
Сурет салу – арт-терапияның ең кең таралған және тиімді әдістерінің бірі. Төменде сурет салу арқылы жүргізілетін жаттығулардың бірнеше түрі берілген:
Эмоциялар картасы
Қатысушылар өздерінің ағымдағы эмоционалдық жағдайын әртүрлі түстер арқылы білдіретін сурет салады. Бұл жаттығу эмоцияларды тануға және оларды шығармашылық арқылы түсінуге көмектеседі.
Менің әлемім
Қатысушы өзінің ішкі әлемін бейнелейтін сурет салады. Мұнда ол өз ойларын, сезімдерін, қорқыныштарын және армандарын көрсетуі мүмкін.
Қабырға суреті
Бірнеше қатысушылар үлкен қағаз парағына бірге сурет салады. Бұл топтық жұмыс сенімділік пен бір-бірін қолдауды дамытуға бағытталған.
Мүсіндеу және коллаж жасау
Мүсіндеу және коллаж жасау – адамның сезімдерін және ойларын шығармашылық материалдар арқылы білдіруге көмектесетін арт-терапияның тиімді әдістері.
Мүсіндеу
Қатысушы балшық немесе пластилин арқылы өз эмоцияларын білдіретін мүсіндер жасайды. Бұл әдіс қолдар арқылы ішкі сезімдерді шығаруға мүмкіндік береді және стрессті азайтуға көмектеседі.
Коллаж жасау
Қатысушылар түрлі журналдардан алынған суреттерді қиып алып, өздерінің ішкі әлемін немесе белгілі бір оқиғаға қатысты сезімдерін коллаж арқылы көрсетеді. Бұл әдіс визуалды ойлауды және шығармашылықты дамытуға бағытталған.
Буллингтің алдын алуға арналған челендждер
1. "Бір жақсы іс" онлайн челенджі
Мақсаты: Қатысушылар бір-біріне онлайн жақсы іс жасау арқылы буллингтің алдын алуды насихаттайды.
Жүзеге асыру жолы:
- Сайтта әр қатысушы белгілі бір уақыт ішінде өзіне таныс немесе таныс емес адамға көмектесетінін көрсететін бейне немесе фотосуретті жариялайды.
- Қатысушылар өздерінің жақсы істерін жариялап, сайтта бөліседі.
- Ең үздік әрекеттерге сайтта марапат беріледі.
2. "Жақсы сөздер" челенджі
Мақсаты: Оқушылар бір-біріне және өзгелерге онлайн платформада жағымды, қолдаушы сөздер айту арқылы достық атмосфераны қалыптастырады.
Жүзеге асыру жолы:
- Сайтта арнайы бет ашылады, онда әр қатысушы басқа бір адамға комплимент немесе қолдаушы хабарлама қалдырады.
- Жақсы пікірлер немесе комплименттер тізбегін жалғастыру арқылы қатысушылар арасында позитивті қарым-қатынас орнайды.
3. "Күлімсіреу күні" онлайн челенджі
Мақсаты: Қатысушылар сайтта күлімсіреу арқылы буллингтің алдын алу жолында оңтайлы қарым-қатынас орнатуға шақырады.
Жүзеге асыру жолы:
- Қатысушылар өздерінің күлімсіреп түскен фотосуреттерін сайтқа жүктеп, бір-біріне 'Күніміз жарқын болсын!' деген хабарламалар қалдырады.
- Ең креативті және күлкілі күлімсіреген суреттерге сыйлықтар беріледі.
4. "Жасырын қолдаушы" челенджі
Мақсаты: Оқушылар бір-біріне жасырын қолдау көрсету арқылы позитивті қарым-қатынасты дамытады.
Жүзеге асыру жолы:
- Әр қатысушыға сайт арқылы 'жасырын қолдаушы' тағайындалады.
- Қолдау көрсету мысалдары: жағымды хабарлама жазу, жақсы кеңес беру.
- Күн соңында 'жасырын қолдаушылар' кім екенін ашады.
5. "Достық суреті" онлайн челенджі
Мақсаты: Қатысушылар досымен бірге түскен суреттерді сайтқа жариялап, достықты нығайтады.
Жүзеге асыру жолы:
- Қатысушылар достарымен бірге түскен фотосуреттерін сайтқа жүктейді және сол суретке байланысты жақсы тілектер жазады.
- Ең жақсы, ең ерекше немесе ең креативті достық суреттерге сыйлықтар беріледі.
6. "Сені түсінемін" челенджі
Мақсаты: Қатысушылар сайтта бір-бірімен ішкі сезімдерін бөлісіп, бір-бірін түсіну дағдыларын дамытады.
Жүзеге асыру жолы:
- Қатысушылар сайтта арнайы форма арқылы бір-біріне өздерінің ішкі сезімдерін білдіретін хабарлама жібереді.
- Хабарлама алушы адам сол сезімге байланысты өз кеңесін немесе қолдау сөздерін жазады.
7. "Қолдау видеосы" челенджі
Мақсаты: Қатысушылар сайтқа қысқаша қолдау видеоларын жариялау арқылы бір-біріне көмек пен қолдау білдіреді.
Жүзеге асыру жолы:
- Қатысушылар өз достарына немесе сыныптастарына қолдау білдіретін қысқаша видеоролик түсіреді.
- Сайтта видеолар жарияланады және басқа қатысушыларға көруге мүмкіндік беріледі.
- Ең әсерлі немесе креативті видеолар үшін марапаттар беріледі.
Made on
Tilda